"Бәйтерек" холдингі директорларының құрамы жаңарды. Оны Премьер-министр Әлихан Смайылов басқарады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды.
Енді директорлар кеңесінің құрамы мынадай:
- директорлар кеңесінің төрағасы, Премьер-министр Әлихан Смайылов;
- директорлар кеңесінің мүшесі, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр;
- директорлар кеңесінің мүшесі, Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов;
- директорлар кеңесінің мүшесі, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров;
- директорлар кеңесінің мүшесі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев;
- директорлар кеңесінің мүшесі, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев;
- директорлар кеңесінің мүшесі, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев;
- директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Клаус Мангольд;
- директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Томас Миров;
- директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Филип Йео.
Баспасөз қызметі мәліметінше, "Акционерлік қоғамдар туралы" заңмен және холдинг жарғысы бойынша Ұлттық экономика министрлігі жалғыз акционер және директорлар кеңесі холдинг қызметіне басшылық етеді.
865 рет оқылды