Президен Қасым-Жомарт Тоқаев Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы - әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі екенін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы - әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді", - деді Тоқаев Тwitter-парақшасында.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған еді. Ол перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру - сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет екенін айтты.