Әлемде коронавиурсқа шалдыққандардың жалпы саны 11,4 млн адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Джонс Хопкинс университетінің 6 шілде күнгі мәліметіне сәйкес, әлемде COVID-19 барлығы 11 млн 409 мың 805 адамнан анықталды. Қайтыс болды – 533 684 науқас.
Індетті жұқтырғандар саны ең көп 15 елдің тізімі:
АҚШ – 2 880 130
Бразилия - 1 603 055
Ресей – 680 283
Үндістан – 673 165
Перу – 302 718
Чили – 286 931
Ұлыбритания – 286 931
Мексика – 256 848
Испания – 250 545
Италия – 241 611
Иран – 240 437
Пәкістан – 228 474
Сауд Арабиясы – 209 758
Түркия – 205 758
Франция – 204 222
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында мәліметтер 5 шілде, сағат 12.59-да жаңаланған. Оған сәйкес, әлемде COVID-19 індеті 11 125 245 адамнан анықталған. Қайтыс болды - 528 204 науқас.
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 48 574 болды. Оның ішінде жазылып шықты - 15 860, қайтыс болды – 232 науқас.