Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Хабар» арнасыне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Өткен жылы медициналық қызметкерлерге 113 млрд теңгеден астам көлемде әлеуметтік төлем жасалды. Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Оның айтуынша, былтыр дәрігерлердің жалақысы 30% артқан.
«Осыған байланысты республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы бізді қолдады. Жыл өткенн сайын дәрігерлердің жалақысы өседі, бұған қатысты мемлекет тарарынан қолдау бар», - дейді ол.