Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыға іссапары барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевпен және медицина қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жүздесуде қазіргі эпиджағдай және коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін талқыланған.
Алексей Цой КВИ бойынша жағдай Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті.
Сондықтан Алматыда COVID-19-ға қатысты жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдардың, Денсаулық сақтау министрлігі, қалалық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының, жетекші клиницистер мен санэпидбақылау қызметі мамандарының, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті қызметкерлерінің қатысуымен көшпелі штаб өткізу туралы шешім қабылданды.
Министр мәселені инфекцияның одан әрі таралу қаупін, вирустың жаңа мутацияларын ескере отырып шешуге назар аударды.