Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде шыққан өрт кезінде жарақат алып, қайтыс болған Асқар Забикулиннің видеосы қазақстандықтарды елжіретті. Видео ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Ер есімі - ел есінде!" - делінген видеода.
Желі қолданушылары видеоға жантебірентерлік пікір жазып жатыр.
"Ержүрек батырымыз Асқар Жәннаттың қақ төрінен орын алып жатқан шығар", "Алла жар болсын, иманды болсын... өте өкінішті. Отбасына көңіл айтамыз....", "Жаны жәннаттан болсын! Қазақтың қас батыры", "Жаны жәннатта болсын", - деп жазған Желідегілер.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы тұрғын үйден шыққан өрт кезінде зардап шеккен өрт сөндіруші қайтыс болғаны хабарланған болатын.