10 шіл, 2019 сағат 18:44

Ақтөбенің бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен Ильяс Сапарбекұлы Испанов ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ильяс Испанов 1976 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы институтты, Қ.А. Ясауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 

Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. Түрлі жылдары «Ақ - бастау» АБ Сарығаш филиалының бухгалтері, аға маманы, директордың орынбасары, Республикалық бюджеттік банктің Сарыағаш аудандық бөлімінің бастығы, «Темірбанк» ААҚ Шымкент филиалының Сарыағаш қаласының есептік-кассалық бөлімінің меңгерушісі, «Күркелес» ӨК төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

1999 - 2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі. 

2005 - 2006 жылдары ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу комитеті төрағасының орынбасары. 

2006 - 2013 жылдары - Астана қ. Соттар әкімшісі, ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Бас прокуратурасының Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің директоры. 

2013 - 2016 жылдары - ҚР Жоғарғы сот жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы. 

2016 жылдан 2019 жыл аралығында Ақтөбе қаласының әкімі қызметінде болды.