Ақтөбеде зейнеткер альфонс жігітке алданып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қыркүйекте Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына 65 жастағы әйелден арыз түскен. Ол әлеуметтік желіде танысқан алаяқтың құрбаны болғанын мәлімдеген.
Ер адам өзін АҚШ азаматы ретінде таныстырып, жәбірленішуге сыйлық пен ақша жіберемін деп мекенжайы мен толық аты-жөнін сұраған. Ал сәлемдемені жіберу үшін кедендік БАЖ салығын төлеу керектігін айтып, есеп айырысу шотына ақша аударуды сұраған. Сонымен қатар, “күйеу жігіт” зейнетке шыққаннан кейін Қазақстанға көшуге ниетті екеніне сендірген. Жәбірлеуші әйел пәтерін сатып, шоттағы 36 млн теңгеден астам қаражатты алаяққа аударып жіберген.
Осы дерек бойынша алдын ала тергеу басталды.