08 қыр, 2025 сағат 10:47

Ақтөбеде бард әншілерінің республикалық байқауы өтті

Фото: Gov.kz

Ақтөбеде қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған «Сәйгүлік» ІІІ республикалық бард әншілер байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Дәстүрлі додаға еліміздің әр өңірінен 18 өнерпаз қатысып, ақынның лирикалық және патриоттық әндерін гитара сүйемелдеуімен орындады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтау хатында бұл фестиваль ұлттық өнерді дәріптеп, жастарға отансүйгіштік рух сыйлайтынын атап өтті. Ал облыс әкімі Асхат Шахаров байқаудың жылдан-жылға беделі артып, қатысушылар қатары көбейіп келе жатқанын айтты.

Жеңімпаздар анықталды:

  • Бас жүлде – Ғибадат Тұрғалиев (Атырау)
    І орын – Орынбасар Жұмаханов (Атырау)
    ІІ орын – Еркебұлан Әжімұратов (Ақтөбе), Самиғоллаев Ізбасар (Атырау)
    ІІІ орын – Сиғватолла Ешқаев (БҚО), Әкімжан Макенов (Қарағанды)

Арнайы жүлде мен дипломдар бірнеше қатысушыға табысталды. Кеш соңында алау жағылып, барлық қатысушы мен көрермен қосылып «Сәйгүлік» әнін шырқады.