Ақтөбе облысындағы тасжолда жол апаты салдарынан ресейлік қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 26 қыркүйек түнгі сағат 01:50 шамасында Toyota Camry көлігін тізгіндеген Ресейдің 38 жастағы азаматы Аралтоғай ауылы маңындағы Самара – Шымкент автожолының 999 шақырымында жолдың жиегіне шығып кетіп, аударылып қалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы жолаушы және Ресей Федерациясының азаматы көз жұмып, 1983 жылғы екінші жолаушы Әйтеке би ауданы Орталық аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесіне жатқызылған.
Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған.