05 нау, 2022 сағат 13:31

Ақтау және Құрық порттары 10 млн тоннаға дейін қосымша жүкті өткізе алады – министрлік


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жедел деректері бойынша қазіргі уақытта Ақтау және Құрық порттары штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Жүктердің кідіріп қалу оқиғалары болған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушыларды қолдау мақсатында Баку, Махачкала, Амирабад, Анзали сияқты серіктес порттармен тығыз байланыс орнатылды. 

Еліміздің порттары 10 млн тоннаға дейін қосымша жүкті, оның ішінде 5,5 млн тонна мұнайды өңдей алады.