Еуропалық Одақ атом энергетикасын «жасыл» технологиямен теңестіру мәселесін қарап жатыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов орталық коммуниакциялар қызметінде брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде Еуропа одағында бұл мәселе қаралып жатыр және олар газды да, атом энергетикасын да «жасыл» технологиямен теңестіргелі отыр. Сондықтан Қазақстанның алдында атом электр стансасын салудың барлық алғышарттары бар және бұл мәселемен айналысу және маңызды», - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ, ол атом энергетикасын дамытудың алдағы межесі туралы жоспарын айтты.
«АЭС салатын болсақ, ол сенімді қуат жеткізуші және Қазақстанның энергия жүйесінде маневрлерге икемді болуы керек. 2035 жылға қарай елдегі электр қуатының 6 пайыз генерациясын атом энергетикасына айналдыруға ниеттіміз. Бұл бізге жуық келешекте электр энергиясымен жабықтау бойынша бүкіл қажеттіліктерімізді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Атом энергетикасын дамыту АЭС салу ғана емес, онымен бірге инженерия да дамитынын ұмытпау керек», - деді министр.