06 там, 2022 сағат 14:30

АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды


АҚШ Сенаты Қазақстандағы елші лауазымына Дэниэл Н. Розенблюмның кандидатурасын бекітті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2021 жылғы қазаннан бастап елші қызметін уақытша атқарған Джуди Куоның орнына келеді.

Дэниел Розенблюм 2019 жылғы 9 мамырда АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалған.

2014 жылдың шілдесінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Розенблюм Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік департамент бюросында мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары болып жұмыс істеген. Оның міндетіне АҚШ саясатын және Орталық Азияның бес мемлекетімен, яғни Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен дипломатиялық қатынастарды басқару кірген.