АҚШ Мемлекеттік департаменті елдегі сайлауға шетелдік тараптан араласу болғаны туралы ақпаратқа 10 миллион долларға дейін сыйақы берілетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Марапат кез келген шетелдік тұлғаны, соның ішінде АҚШ сайлауына саналы түрде қатысқан немесе араласқан шетелдік тұлғаны анықтауға көмектесетін ақпаратқа беріледі. Ол мемлекеттік Әділет департаментінің "Әділет үшін сыйақы" (Rewards for Justice) бағдарламасында қарастырылған.
"Департамент "Интернет-зерттеулер агенттігі" ЖШҚ (IRA), Евгений Викторович Пригожин және олармен байланысты ресейлік ұйымдар мен серіктестерінің АҚШ сайлауына араласуы туралы ақпарат іздейді.
IRA - саяси араласу және сайлауға араласумен айналысатын ресейлік ұйым. 2014 жылы IRA АҚШ-тың саяси жүйесіне, оның ішінде 2016 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласу операциясын бастады, стратегиялық мақсат - алауыздықты тудыру. IRA бірнеше ресейлік компаниялар арқылы жұмыс істеді, соның ішінде "Интернет зерттеулер" ЖШҚ, "МедиаСинтез" ЖШҚ, "Главсеть" ЖШҚ, "МиксИнфо" ЖШҚ, "Азимут" ЖШҚ және "НовИнфо" ЖШҚ", - делінген ведомство сайтында.