Фото: ұйымдастырушылардан
2024 жылғы 27 қарашада «Hilton Garden Inn» конференц-залында «Ақпараттық қауіпсіздіктің гуманитарлық аспектілері және «жұмсақ күш» Қазақстанның орнықты дамуы мен ұлттық консолидациясының факторы ретінде» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Іс-шараны Астана Халықаралық университеті ұйымдастырды. Бұл дөңгелек үстел жаһандық сын-қатерлер жағдайында қоғамның қауіпсіздігі мен дамуының маңызды мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң болмақ.
Дөңгелек үстел ақпараттық қауіпсіздіктің гуманитарлық аспектілерін және ұлттық консолидацияны нығайтудағы «жұмсақ күштің» әлеуетін зерттеуге арналған жобаның аясында өткізілді. Іс-шара барысында жетекші сарапшылар, ғалымдар мен мемлекеттік билік өкілдері Қазақстанның тұрақтылығын арттыру бойынша шешімдер ұсынып, тиімді мемлекеттік саясатқа қатысты ұсынымдар әзірледі.
Іс-шараның маңыздылығы – ақпараттық қауіпсіздікті қорғаудың ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеу және ұлттық бірлік пен орнықты дамуды нығайтудағы «жұмсақ күштің» рөлін анықтау мүмкіндігінде. Бұл дөңгелек үстел Қазақстанға қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен тәуекелдерге бейімделуге көмектесетін стратегия құрудың негізі болды.
Дөңгелек үстелді «Қытай зерттеулері қауымдастығы» ҚҚ төрағасы Қазбек Өмірзақұлы Майгелдинов жүргізді. Құттықтау сөзбен Астана Халықаралық университеті президенті Серік Азтаевич Ирсалиев және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рахметова Әсем Қалашбайқызы сөз сөйледі.
Сарапшылар ретінде мынадай беделді мамандар баяндама жасады:
• М. Қозыбаев атындағы СҚУ директорлар кеңесінің төрағасы Галым Симбекович Байтук,
• ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азияны зерттеу бөлімінің меңгерушісі Айдар Кенжебекович Курмашев,
• А.Н. Косыгин атындағы РМУ Халықаралық білім беру институты директорының орынбасары Александр Игоревич Дроговоз,
• «Еуразиялық мониторинг» Орталығының директоры Алибек Тимитаевич Тажибаев,
• Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саяси ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Жанат Байжомартович Момынкулов,
• «Toppress.kz» ақпарат агенттігінің директоры Ержан Амангельдинович Багдатов,
• Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саяси ғылымдар кафедрасының профессорлары Каргаш Далелхановна Жанпейсова мен Нечаева Елена Леонидовна.
Іс-шара Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі мен ұлттық консолидациясын нығайтудағы маңызды қадам болмақ.