26 шіл, 2021 сағат 21:54

Ақмолада көршісін пышақтап өлтіріп, қашып кеткен күдікті ұсталды


Ақмола полицейлері ауылдасын пышақтап өлтірген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

24 шілдеде Жарқайың ауданының ПБ кезекші бөліміне 58 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. 

Ер адам өз үйінде 45 жастағы досының пышақ жарақатын алғанын айтты. 

Жедел-жәрдем келгенге дейін ер адам қайтыс болды. 

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 24 шілде күні сағат 15:00 шамасында өтініш берушіге екі ауылдасы қонаққа келгенін, оның ішінде қаза тапқан адам да болғанын анықтады. 

Кейін өтініш беруші қонақтарды тастап, ұйықтауға кеткен. Оянған кезде үй иесі марқұмның денесін көріп, полицияға қоңырау шалады. 

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, зардап шеккен адамның өлімі жедел қан жоғалту, кеуде қуысының сол жаққа еніп, ішкі ағзалардың зақымдалуымен байланысты болған. 

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдікті адамды анықталды. 

Ол - мас компанияның үшінші фигуранты, Қостанай облысы Арқалық қаласының тумасы. 

1969 жылы туған, бұрын ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлігі бойынша сотталған. 

Күдікті мен жолдастары спирттік ішімдікті бірге ішіп отырғанда кенеттен жанжал туындаған. Сол сәтте ол ас үй пышағын алып, жәбірленушіге бір соққы жасап, үйден кетіп қалған. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.