02 мау, 2021 сағат 15:21

Ақмолада 64 жастағы ауыл тұрғыны ұлына пышақ салды


Ақмола тұрғыны жанжал кезінде ұлына пышақ сұғып алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы мамырдың 30-да Целиноград ауданының полиция бөліміне Приречное ауылының 63 жастағы тұрғыны хабарласқан. 

Оның айтуынша, күйеуі ұлына пышақ жарақатын салған. 

«Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 64 жастағы ер адамның алкогольді ішімдік ішкеннен кейін ұлымен жанжалдасқанын анықтады. Жанжал кезінде ер адам ұлының сол жақ қолтығының астына пышақ сұғып алған. Жас жігіт ауруханаға жатқызылды. Ер адам қылмысын мойындады. Заттай айғақтар алынды», - деді ведомстводан. 

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды.