28 нау, 2020 сағат 12:14

Ақмола облысындағы тұрақтандыру қорының жұмысы тексерілді

Ақмола облысындағы тұрақтандыру қорында 12 тонна күріш, 15 тонна жарма, 1,5 тонна өсімдік майы, 3,4 тонна сары май, 1825 тонна бірінші сортты ұн бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңесі мен арнайы мониторингтік топ өкілдері «Есіл» кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқармасының тұрақтандыру қорын қалыптастыру жұмыстарымен танысты. 

«Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңесі мен арнайы мониторингтік топ өкілдері осы мәселеге назар аударды.

«Бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 12 тонна күріш, 15 тонна жарма, 1,5 тонна өсімдік майы, 3,4 тонна сары май, 1825 тонна бірінші сортты ұн бар. Жақын күндері қор тағы 68 тонна күріш, 42 тонна өсімдік майымен толықтырылады. 

Бұдан бөлек, 2 вагон қант, қарақұмық жармасы, күріш, жұмыртқа және «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігінің сүт өнімдерін сатып алу жоспарланған», - дейді «Есіл» кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Осы ретте, «Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңесі мен арнайы мониторингтік топ өкілдері «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігі мен «Есіл» кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқармасының қоймаларында болды.