21 мам, 2021 сағат 17:50

Ақмола облысында мопедпен адам қағып кеткен: үш кісі ауруханаға түсті


Ақмола облысында мопед мінгендер жаяу жүргіншіні қағып кетті. Түрлі дене жарақатымен үш жасөспірім ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Ерейментау ауданының Сілетті ауылында болған. Бұл туралы мамырдың 21-де сағат 22:53 Ерейментау аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Сілетті ауылдық округінің әкімі хабарлады. 

«Мамырдың 19-ы күні сағат 22:10-да Гагарин көшесімен келе жатқан 17 жастағы жүргізуші «Hummer» мопедінің руліне ие бола алмай кәмелеттік жасқа толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Соның салдарынан жүргізуші, оның қасындағы жолаушысы мен жаяу жүргінші түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Сондай-ақ, көлік жүргізушінің куәлігі мен көліктің құжаты болмаған», - деді ведомстводан. 

Қазіргі кезде, осы оқиға байланысты ҚР ҚК 345-баптың 2-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Тергеу шаралары одан әрі жалғасуда.