14 там, 2019 сағат 17:50

Ақмола облысын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткiзiлген аппараттық кеңесте облыстағы жолдардың жағдайы, әлеуметтiк маңызды азық-түлiк тауарларына бағалардың өсуiне жол бермеу және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерi талқыланды.

Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Арсен Жанғасқанов облыста әзiрленген облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеудiң алдағы 5 жылға арналған кезең-кезеңдiк жоспары туралы баяндады.

Ағымдағы жылы 411,2 км жергiлiк маңызы бар жолдарды және көше-жол желiсiн жөндеу жоспарланған, соның iшiнде құрылысын салу мен реконструкциялау — 58,5 км; күрделi жөндеу — 34,3 км, орташа жөндеу — 251,9 км, ағымдағы жөндеу — 66,5 км, сондай-ақ, 96 су өткiзу имараттарын жөндеу. Осы мақсаттарға келесi бағдарламалар бойынша барлығы 20 млрд. теңге бөлiнген: «Ауыл-Ел бесiгi» — 1,5 млрд. теңге, «Нұр-Сұлтан қаласы шеттерiнiң әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту» — 3,1 млрд. теңге, «Нұр-Сұлтан қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың кешендi жоспары» — 4,8 млрд. теңге, облыстық маңызы бар автожолдарды жөндеу — 6,7 млрд. теңге, нысаналы трансферттер — 2,4 млрд. теңге, «Көкшетау қаласында өткiзiлетiн Ресей мен Қазақстан өңiраралық ынтымақтастық форумы» — 1,2 млрд. теңге, «Өңiрлердi дамыту» — 595 млн. теңге.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Төлеген Абдуллин өңiрдiң республикалық автожолдары желiсiн дамыту туралы баяндады. Қыркүйекте жаңа «Зерендi-Щучинск» автожолы пайдалануға берiледi. Ағымдағы жылы облыстың ұзындығы 160 км 10 автожол учаскесi орташа жөндеумен қамтылды, «Нұр-Сұлтан-Петропавловск» автожолын, Көкшетау қаласына кiреберiстi реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Талқылаудың қорытындысы бойынша облыс әкiмi Ермек Маржықпаев жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасына, аудандар мен қалалардың әкiмдерiне жол инфрақұрылымын дамытуға бөлiнген бюджеттiк қаржының толық игерiлуiн қамтамасыз етудi, сондай-ақ жүргiзiлiп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына бақылауды күшейтудi тапсырды.

Әлеуметтiк маңызды азық-түлiк тауарларына бағалардың негiзсiз өсуiне жол бермеу бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының басшысы Ербол Оспанов баяндады. Жыл басынан берi жедел штаптардың 133 отырысы, 485 ауыл шаруашылық жәрмеңкелерi өткiзiлдi, бағаларды тұрақтандыру туралы 983 меморандум жасалды.

Ермек Маржықпаев кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасына, аудандар мен қалалардың әкiмдерiне көтерме және бөлшек саудадағы бағаларға тұрақты негiзде талдау жүргiзудi, бағалардың күрт өсу жағдайлары туралы жедел түрде монополияға қарсы әрекет ету үшiн Табиғи монополияларды реттеу бәсекелестiктi және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комиетiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiне жедел хабарлап отыруды тапсырды.

Iшкi саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады. Атап айтқанда, музейлердiң инфрақұрылымын жаңғырту, кiтапханалардағы кiтап қорын цифрландыру, атақты тарихи тұлғаларды кеңiнен таныту бойынша және басқа iс-шаралар жалғастырылуда.

Қосымша материалдар жинастыру Астрахан ауданында орналасқан «Тоғыз әулие» киелi объектiсiн жалпы ұлттық маңызы бар объектiлер тiзiмiне енгiзуге мүмкiндiк бердi. Өңiрлiк маңызы бар киелi объектiлердiң тiзiмi де толықтырылды. Олар Бiржан сал, Сандықтау және Жарқайың аудандарында Аңғал батыр, Шамай батыр, Қабыл батыр жерленген жерлер.

Облыс әкiмi iшкi саясат, бiлiм, туризм, мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармаларының, өңiрлiк жобалық офистiң, аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң алдына сараптамалық қауымдастықты тарта отырып өлкетануды дамытудың ұзақ мерзiмдiк жобасын әзiрлеудi ұйымдастыру, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тұжырымдамалық негiзiне сәйкес жобалар мен iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету мiндеттерiн жүктедi.