01 қыр, 2022 сағат 20:32

Әкімдер халықпен кері байланысты күшейтуі қажет - Президент


Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен жиын өткізді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кеңесте өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен өзекті проблемалары талқыланды. Сонымен қатар Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.


Президент Үкімет пен әкімдерге елдің әлеуметтік мәселелерін жедел реттеу және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырды. Әкімдіктерге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау туралы міндеттер жүктеді.


Мемлекет басшысы өңір басшыларына жылыту маусымына дайындықты күшейтуді және күзгі егін жинау науқанын жоспарға сай сапалы орындауды тапсырды. Сондай-ақ, әкімдердің азаматтармен кері байланысты күшейтуі қажет екенін атап өтті.

Кеңес соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған бүгінгі Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру аса маңызды екенін ескертті.