Видеодан скриншот
Маңғыстаулық жігіт анасының өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстаулық жігіт халықтан көмек сұрап, Instagrаm желісіндегі Abdulla_kz парақшасында өзі басқа қалада жүргенін және кішкентай кезінде өзі де әкесінен психологиялық зәбір көргенін айтты.
"Әкем ішіп алып анамды түн ортасында қуалап сабап, мүгедек қылуға дейін апарған. Бала кезімде мені аямай ұрып, психологиялық соққы жасаған. Бала үшін анадан артық адам жоқ. Әкенің жақсылығы жездедей-ақ. Мұндай әкенің барынан жоғы. Бала күнімде анам екеуімізді кезек-кезегімен ұрып, төмпештейтін. Жасы елуге келсе де, анамды ұруын тоқтатар емес. Әкем лайықты жазасын алса екен. Полицияға тапсырғанымызбен екі сағаттан кейін, ешнәрсе болмаған сияқты босатып жібереді", – деп ағынан жарылды жігіт.
Сондай-ақ ол өзінің басқа қалаға кетіп қайта жұмысқа кетіп қалса, әкесінің бұл жолы анасына салады деп қорқып отыр.
"Қазір жұмысыммен басқа қалаға кетіп қалсам, анамды ұрып, өлтіріп тастай ма деп қорқамын. Мақсатым – әкемді түрмеге қамату. Себебі ол лайықты жазасын алуы керек. Мұндай тирандарды қоғамнан ажырату қажет. Ол бізбен ғана көшеде кетіп бара жатқандармен де, көршілерімізбен де қырылған. Анамды түнде тұншықтырып, өлтіріп тастауға дейін барды. Таңертең әкем ешнәрсе білмеймін, есімді білмеймін деп кешірім сұрап отыр", – деп түйіндеді жас жігіт.