29 мау, 2020 сағат 12:53

Аида Балаева журналист Қуандық Шамахайұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналист Қуандық Шамахайұлының өмірден озуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Журналист Қуандық Шамахайұлының өмірден мезгілсіз озуына байланысты марқұмның отбасы мен айнала-жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Қуандық аға кәсіби шеберлігі жоғары, отандық ақпарат кеңістігінде өз ой-пайымы бар тұлға еді. Марқұмның жаны жаннатта болсын!» - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасына.

Айта кетсек бүгін белгілі журналист Қуандық Шамахайұлының ауруханада көз жұмғаны хабарланған болатын.