21 ақп, 2020 сағат 10:29

Аида Балаева: Жүгіну құқығына заңмен кепіл беріледі

ҚР Президентінің көмекшісі — Президент Әкiмшiлiгi өтiнiштердi қарауды бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi Аида Балаева Президент Әкімшілігінің азаматтарды қабылдауы қалай жұмыс істейтінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Әкімшілігінің азаматтарды қабылдауы немесе фронт-кеңсесінің жұмысы халықпен кері байланыстың маңызды құралы саналады. Президент көмекшісі фронт-кеңсе жұмысы жайында айта келе 2019 жылдың 5 айының ішінде көшпелі қабылдауларды қоса алғанда азаматтарды қабылдауға 1 200-ден астам адамның келгендігін атап өтті. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы қабылдауға еліміздің әртүрлі өңірлерінен адамдар келеді және оларды әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіліп, түсіндіріледі, кеңес беріледі. Мәселен, қабылдауға Шымкент қаласынан келген бір топ азамат жер телімдеріне тыйым салынуына байланысты мәселенің мән-жайын анықтауға ниетті.

Өтініш берушілердің дәлелдерін тыңғылықты тыңдай келе Президент көмекшісі бейінді мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен көтеріліп отырған мәселеге қатысты жеке жиын өткізуге шешім қабылдады.

Аида Балаеваның айтуынша, жедел жиындар мен жұмыс топтары күрделі мәселелерді тыңғылықты түсінуге әрі оларды шешуге қатысты іс-қимылдардың алгоритмін айқындауға мүмкіндік береді. Жалпы, оның айтуынша, өтініш берушінің мәселесін шешудің еш мүмкіндігі болмайтын да жағдайлар кездесіп жатады.

«Біреулер Президент Әкімшілігі кез келген мәселеді деп ойлап келеді. Мәселен, азаматтар өздерінің баспана кезектерінің жылжымай жатқандығын айтып жиі келеді және олар ббіреулер кезекке заңсыз тұр деп есептейді. Бұл орайда белгілі бір кезекте тұрған азаматтардың санатын айқындайтын нақты ереженің бар екендігін түсінген жөн. Соған орай барлық пәтер кезекке сай беріледі. Азамат Президент Әкімшілігіне келгені үшін біз өзге адамдардың құқығын бұзып, оны кезекте ілгері жылжыта алмаймыз. Мұның барлығын да азаматтарға түсіндіреміз. Мұндай түсіндіру жұмыстарын жергілікті деңгейде де белсенді жүргізу маңызды. Дегенмен, мемлекет мақсатты бағдарламалар арқылы жеңілдікпен баспана сатып алудың түрлі нұқсаларын ұсынады», - деп атап өтті Аида Балаева.

ҚР Президентi Әкiмшiлiгi өтiнiштердi қарауды бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi азаматтардың келіп түсетін ең көп шағымдардың бірі сот шешімдеріне қатысты екендігін айтады.

«Азаматтарға сот билігі – бұл биліктің тәуелсіз тармағы екендігін айтып түсіндірге тура келеді. Өйткені, Президент Әкімшілігі, тіпті Мемлекет басшысы сот ісіне араласа алмайды», - деді ол.

Аида Балаева өтініштермен жұмыстағы және азаматтарды қабылдауды ұйымдастырудағы оң өзгерістер орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде орын алғандығын атап өтті.

«Әрбір жағдайда адамдар дәйекті жауап алуы үшін мемлекеттік органдар жауабының сапасына мониторингілеу бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Соңғы жарты жылдың ішінде барлық мемлекеттік және және жергілікті мемлекеттік органдардың бұл бағыттағы өз жұмыстарын жандандырғанын көріп отырмыз. Азаматтарды қабылдау барынша сапалы жүргізіліп, көптеген жүйелі мәселелер оң шешімін тауып жатыр», - деді ол.

Мұнан бөлек, Аида Балаева мемлекеттік органдарға келіп түсетін өтініштерді бағдарламау жүйесін оңтайландыруға мүмкіндік беретін «Е-өтініш» жүйесін енгізу аясында қызметтерді автоматтандыру жайында айтып берді.

«Жаңа жүйе өтініштердің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік органдардың барлық жауабын орындаушы көріп отыру үшін жасалады. Халықпен кері байланыстың элементі ретінде халықтың алған жауабына баға беруі қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың рейтингін құру ұсынылады», - деді Президент көмекшісі.

«Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің модулі әзірленіп, Нұр-Сұлтан қаласы жағдайында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін апробациядан өткізіледі.

«Барлық деңгейде тест табысты өткен жағдайда оны бүкіл мемлекеттік органдарда интеграциялаумен жұмыс істейтін боламыз. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін жүйе толыққанды іске қосылуы тис деп ойлаймын», - деді Аида Балаева.