28 ақп, 2020 сағат 10:57

«Аграрлық телеарна» ашу қажет - сенатор

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин мамандандырылған «Аграрлық телеарна» ашу қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауылдық елді мекендерді дамытудың түйінді мәселелерінің бірі – ақпараттық қамтамасыз етуді жаңа сапалық деңгейге шығару. Ауыл еңбеккерлері озық технологиялар, мемлекеттік қолдау шаралары, заңнамалық базадағы өзгерістер, нарық маркетингі туралы хабардар етілуі тиіс. Сондықтан аграрлық ғылым мен озық тәжірибені, еңбек адамының бейнесін насихаттайтын көрсетілімдердің маңызы өте зор.

Осы орайда, арнайы мамандандырылған «Аграрлық телеарна» ашу қажет деп санаймыз», - деді депутат Сенатта агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Дүйсенғазы Мусин ауыл шаруашылығында субсидиялау ережелерінің жиі өзгеруі саланың дамуына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты.

Мұнымен қоса ол «ҚазАгро» холдингін сауықтыру маңызды екенін айтты.

Сенатордың пайымынша, мемлекеттік биокомбинаттың болуының стратегиялық маңызы зор