09 там, 2024 сағат 17:05

"Әбіләзовтің тапсырмасымен кісі өлтірген": Мұратхан Тоқмәди 6 жылдан соң абақтыдан шығатын болды


«Тұран Әлем» банкінің топ-менеджері Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди 6 жылдан соң шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатын болды. 

Бұл туралы ақпаратты Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі растады.

2024 жылғы 26 шілдеде Қонаев қалалық соты Мұратхан Тоқмәдиді мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін мақұлдады.

Еске сала кетсек, 2017 жылы Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, ол шетелде жасырынып жүрген банкир Мұхтар Әбіләзовтың бұйрығымен әрекет еткенін және оның тарапынан 4 миллион доллар уәде етілгенін айтқан еді. 2018 жылғы 16 наурызда Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

2022 жылдың қарашасында Мұратхан Тоқмәдидің әйелі оның азаптау ісі бойынша жәбірленуші ретінде танылғанын мәлімдеді.