Фото: Абиба Әбужақынованың әлеуметтік желі парақшасынан
Атырауда Париж Олимпиадасына қатысқан дзюдошы Абиба Әбужақыноваға Zeekr көлігі сыйға және оның VIP нөмірі сыйға берілді, деп хабарлайды "Ұлт Ақапарат".
Электр көлігі тағы бір дзюдошы Эсмигуль Куюловаға да берілді. Көліктерді облыс әкімі Серік Шәпкенов табыстады. Көліктің VIP нөмірінің құны – 840 мың теңге.
«Жығылғанда жанымнан табылған жанашырлар, бәріңізге рахмет. Атыраулық жанашыр-жанкүйерлеріме көп рахмет айтамын! Мейіржан Есмағамбетов бапкерім спорт мансабымда өзіңіздің орныңыз ерекше. Жеңісте де, жеңілісте де қасымнан табылып, мені бар құрметке лайық көргеніңізге рахмет! Осындай қолдаудан кейін менің сынуға, жеңілуге, налуға және күреспеуге құқығым жоқ деп ойлаймын! Мен әлі-ақ жарқ етемін», - деп жазды Абиба Әбужақынова Instagram парақшасында.