Фото: Gov.kz
Алматы Медеу мұз айдынында өткен «Аламан құрақ – 2025» мәдени жобасында елдің әр өңірінен жиналған 660 құрақшы жалпы көлемі 1366 шаршы метрге жайылған құрақ көрпе құрап, бұл көрсеткіш Global Book of Records дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркелді, деп хабарлайды Ult.kz.
Ауқымды жобаға Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан барлығы 34 құрақшы қатысты. Оның ішінде Абай облысынан 13 мұғалім мен 2 оқушы бар. Қатысушылар Семей, Аягөз, Көкпекті аудандары мен Абай ауданы (Қарауыл ауылы) білім беру мекемелерінен жиналды.
Абай және ШҚО бойынша жобаның өңірлік үйлестірушісі – Семей қаласындағы №19 мектептің мұғалімі Бақытжан Шапенова. Оның жетекшілігімен өңір атынан қатысушылар ұлттық өнерді жоғары деңгейде насихаттап, аймақтың атын әлемдік рекордтық жобада танытты.
