Фото: Ақорда
Абай облысында трактормен өрт сөндіруге шығып, жоғалып кеткен Сергей Архипов өлі табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"️Абай облысының полицейлері 10 маусымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповты іздеу іс-шараларын жүргізу барысында өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ мәйітін тапты", - делінген хабарламада.
Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылған.
"Ол Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрді.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жарияланбайды" - делінген хабарламада.
Кейінірек ер адамның жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғаны белгілі болды.
"Алғашқы тексеру кезінде ер адамнан зорлық-зомбылықпен қайтыс болу белгілері, сондай-ақ өрттен қаза болғандығын көрсететін белгілер табылған жоқ. Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның өлімі жүрек жеткіліксіздігі - кардиомиопатия нәтижесінде болғандығы анықталды" - делінген ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.