Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметінше, іздеу жұмыстары барысында қаза тапқан 11 адамның денесі табылды.
Олардың жеке басы анықталып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін орман шаруашылығының жоғалған үш қызметкерінің мәйіті табылған болатын. Осылайша, қаза тапқандар саны 14-ке жетті.
Соңғы ақпарат бойынша, Абай облысында 9 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 252 техника жұмылдырылған.
Жетісу және Қарағанды облыстарынан жіберілген күш-құралдар өртті сөндіруге кіріскен. Ал Алматы қаласы, Алматы облысы ТЖД, Қарағанды мен Алматы облыстарынан ТЖД, 52859 және 28237 әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері, сондай-ақ жылжымалы басқару пункті өрт орнына бара жатыр.