Фото: siktivkar.bezformata.com
Ұлттық қауіпсіздік комитеті колонияда терроризмді насихаттаумен айналысқан ер адамға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша Е. есімді ер адамға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
28 желтоқсанда Ақтөбе қаласының №2 соты аталған адамды ҚР ҚК 174-бабы және 256-бабы 2-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті" - делінген хабарламада.
Айыпталушы 2015 жылдан бері экстремистік қылмысы үшін жазасын өтеп келген. Осы уақытқа дейін радикалды идеологияны ұстанып, оны түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында насихаттаған.
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енді.