29 там, 2019 сағат 20:24

Абаев ақпараттық жала үшін Еуропада қандай жаза қолданылатынын айтты

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ақпараттық жала үшін Еуропада қандай жазалар қарастырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, біздің заңнама ақпараттың жала мәселесін, ондай заңбұзушылықтың ауыртпалықтарын байсалды, ойға қонымды реттей алатынын қайталай кетейін. Біз бұл жолы құқықтық қолдану практикасын жетілдіруге көбірек бағыт алып отырмыз. Екіншіден, әйтеуір Германия туралы айтылған екен, аталмыш елдің Қылмыстық кодексінде  медианы пайдалана отырып жала таратқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Үшіншіден, 50 млн еуроға дейінгі айыппұлдың өзектілігіне келер болсақ, мен арнайы қарап шықтым. Германияның 2017 жылғы әлеуметтік медиадағы құқықтық пайдалануды жетілдіру  заңында осындай шара қарастырылған», - деді министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, аталмыш заңбұзушылық үшін Сингапур, Франция, Швейцария елдерінде де әжептәуір қатаң шаралар қарастырылған.