9 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына АҚШ, Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
1 868 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 644 адам, анықтамасыз 224 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 524 жолаушы, анықтамамен - 1 303, анықтамасыз - 221;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 344 жолаушы, анықтамамен - 341; анықтамасыз - 3.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Айта кетейік, 2021 жылдың 8 ақпанында шетелден анықтамасыз келген 192 ҚР азаматының ПТР-талдаулары бәрінің сау екенін көрсетті.