20 шіл, 2020 сағат 14:20

«7-20-25» бағдарламасы: 34 457 өтінім қабылданды

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша қарыз алуға 396,31 млрд теңге сомасына 34 457 өтінім қабылданды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Нәтижесінде 231,90 млрд теңге сомасына қарыз беруге 19 999 өтінім мақұлданды. 

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызды сұраймыз. 

Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.