«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 6 тамыздағы жағдай бойынша қарыз алуға 414,32 млрд теңге сомасына 35 910 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 240,68 млрд теңге сомасына қарыз беруге 20 693 өтінім мақұлданды.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.