«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша 17 мыңнан астам отбасы баспана алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша, қарыз алуға 335,20 млрд теңге сомасына 29 473 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 199,68 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 384 өтінім мақұлданды», - деді ҚР Ұлттық банкінен.
«7-20-25» бағдарламасына қатысты сұрақтар бойынша «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-ның 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.
Сонымен қатар қажетті ақпарат ипотекалық ұйымның ресми сайтында көрсетілген.