Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан азаматтығын алуға қанша ресейлік өтініш бергенін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Саны өте аз. Қазақстан азаматтығын алуға бар болғаны 68 өтініш түскен. Азаматтық алудың белгілі бір процедуралары бар. Олар соның бәрінен өтуі керек", - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ, оған Ішкі істер министрлігі адамдарды деструктивті топтарда бар-жоғын ажырататын сынақтан өткізе ме деген сұрақ қойылды.
"Әрине, барлығы бақылауда. Ондай жайттар анықталса, тиісті шаралар қолданылады", - деп жауап берді Ахметжанов.