6 қазанда «Ақ жол» мен Қазақстан Халық партиясының съезі өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Ақ жол» партиясының Ұлттық кеңесінің Президиумы биылғы жылдың 6 қазанында партияның құрылтайын шақыру туралы шешім қабылдады. Аталған филиалдар бір апта ішінде облыстық/қалалық конференциялар өткізіп, «Ақ жол» демократиялық партиясының президенттік сайлауға қатысуы туралы шешім қабылданатын алдағы құрылтайға делегаттарын сайлауы керек», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар дәл осы күні Қазақстан Халық партиясының да кезектен тыс съезі өтпек.
«Қазақстан Халық партиясының бюросы 2022 жылғы 6 қазанда Астана қаласында партияның XXI Кезектен тыс Съезін өткізу туралы шешім қабылдады», - деді партия баспасөз қызметі.