Белгілі қазақстандық продюсер Баян Алагузова 2024 жылғы 5 тамызда оқырмандарымен қуанышты хабарын бөлісті. Ол Түрсен Алагөзовпен ортақ сәбиі дүниеге келгенін хабарлады.
Баян Мақсатқызы Instagram парақшасында "Мен тағы да ана атандым" деп жазған.
"Біз сені ұзақ күттік. Біздің 3 келі бақытымыз! Біздің қызымыз дүниеге келді! Алагузова ... Тұрсынғалиқызы", - деп жазды ол.
Бұл туралы Баян Мақсатқызының үлкен қызы Айсәуле Бақытбек те мәлімдеді. Ол Instagram парақшасында өзінің сіңілісі туылғанын растады.
"Бізде небәрі 28 жас айырмашылығы бар, балақай, біз сені күттік! Біздің көңілді отбасымызға қош келдің, сіңілім!", - деп құттықтады Айсәуле Бақытбек.