17 шіл, 2020 сағат 15:21

42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталды

Egov.kz, 42500.enbek.kz және homebank.kz порталдарында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға өтініш қабылдау басталды. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

42500.enbek.kz порталы арқылы бір уақытта өтінімді 75 мыңға дейін азамат бере алады.

Бұған дейін хабарланғандай, азаматтарға ыңғайлы болу үшін өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылады. Осы санаттағы, проактивті қызметті пайдаланбаған азаматтар үшін өтінімдерді қабылдау проактивті қызметті көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

17 шілдеде жеке кәсіпкерлерден, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдардан және жеке практикамен айналысатын адамдардан өтінімдер қабылдау басталды.

Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінім қабылдау 19 шілдеде басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 700 мың қазақстандық 42 500 теңгені проактивті түрде тағайындау үшін SMS-хабарлама алған болатын.

 

Келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:

- egov.kz – «электрондық үкімет» веб-порталы;

- 42500.enbek.kz порталы;

- telegram-bot-тар;

- Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;

- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.Өтінім қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.