20 шіл, 2020 сағат 18:35

42 500 теңге: Жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін өтініш беруден бас тартса, не істеу керек?

Егер жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін 42 500 теңге төлем алуға өтініш беруден бас тартса не істеу керек? Бұл сұраққа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісі жоғалған кезде МӘСҚ-тан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алуға өтінішті жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге жұмыс берушінің өзі ұсынады. Жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген төлемді тағайындау қағидаларының талаптарын сақтамаған жағдайда, қызметкер жергілікті еңбек инспекциясы органына жүгінуге құқылы», - делінген министрлік жауабында.