23 ақп, 2022 сағат 15:20

4 пайызбен жеңілдетілген автонесие: жаңа бағдарлама бойынша көлік сатып алу шарттары аталды


Вице-премьер Роман Скляр көлік сатып алу үшін жеңілдетілген автонесиенің шарттарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьер "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінетінін айтты.

"Осыған дейінгі бағдарламада жылдық пайыз 20, бастапқы жарна 4 пайыз болса, қазір жылдық пайыз 4, бастапқы жарна 4 пайыз болады. Бұл 7 жылға есептеледі. Әрине, 7 жыл көп уақыт болмағандықтан көбіне арзан көліктер берілетіні түсінікті.  Дегенмен, 71 мың азамат жаңа көлікті қолжетімді бағамен сатып ала алады", - деді Скляр.