Атыраудың екі тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингтік агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Құмар ойындар ойын – бұл сауық емес, қауіпті ауру. Жыл сайын құмар ойындарға тәуелді адамдардың саны артып келеді.
Мысалы, Қазақстанда құмар ойыншылар саны 350 мыңға жуық. Олардың көпшілігі жасөспірімдер.
Мемлекет тұрақты негізде заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес жүргізеді, сол арқылы халықты құмар ойындардың зиянды әсерінен қорғап келеді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Атырау облысы бойынша ҚМА аумақтық департаментінің қызметкерлері Атырау қаласындағы бильярд клубының ғимаратында заңсыз ойын бизнесін сәйкес лицензиясыз ұйымдастыру дерегінің жолын кесті.
Атырау қ. екі тұрғыны – Д.Ұзақпаев және А.Ғабдулов заңсыз құмар ойындарын ұйымдастыру мақсатында «Бомонд» бильярд клубының «VIP» кабинасын пайдаланған.
Тексеріс барысында 600-ге жуық ойын карталары мен покер фишкалары тәркіленді.
Ұйымдастырушылар қоғамдық жұмыстарға 100 сағатқа тартыла отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге жазасымен сотталды.