26 нау, 2021 сағат 09:03

25 наурызда шет елдерден анықтамасы жоқ 19 Қазақстан азаматы келді

2021 жылдың 25 наурызында Қазақстан аумағына Германия, Испания, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 33 халықаралық әуе рейсі келді.

4 423 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 404 адам, анықтамасыз 19 ҚР азаматтары келді, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналын. 

Оның ішінде: 

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 959 жолаушы, анықтамамен - 1 944, анықтамасыз - 15; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 273 жолаушы, анықтамамен - 1 269; анықтамасыз - 4; 

Шымкент қаласының әуежайына – 8 рейс, барлық 906 жолаушы анықтамамен келген; 

Қостанай қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келген; 

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 148 жолаушы анықтамамен келген; 

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 129 жолаушы анықтамамен келген; 

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы анықтамамен келген; 

Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарларында өз нәтижелерін күтуде. 

2021 жылдың 24 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері бойынша анықтамасыз келген 43 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.