2,3 млн-нан астам қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«13 тамызда сағат 09.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 541 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 320,9 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 304,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы алды», делінген.
2 млн 541 мың өтінімнің ішінде:
– 834,9 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
– 656,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 394 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 656,2 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;
– 0,2 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 834,9 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
– 243,5 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
– 1 млн 463,1 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 2 млн 329,1 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 320,9 мың қазақстандыққа аударылды.