19 нау, 2020 сағат 20:35

22 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматыға қалааралық автобустар кірмейді

Карантинге байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына келетін және осы екі мегаполистен шығатын барлық автобус рейстері тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«22 наурыз күні сағат 00:00 бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына/қалаларынан автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау тоқтатылады», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.

Атап өтілгендей, жолаушыларды транзиттік тасымалдау аталмыш екі шаһар аумағына кірмей жүзеге асырылады. 

«Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 16 наурыздағы шешіміне сәйкес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолиямен арада автомобиль көлігінің барлық түрімен екіжақты жолаушы және жүк тасымалдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жолаушылар тасымалдау тоқтатылды. Бұл тыйым халықаралық қатынастағы жүк автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауға таралмайды», - деді ведомстводан.