22 300 адам БЖЗҚ-нан біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға мақұлдама алды. Бұл туралы Отбасы банкінің желідегі парақшасында хабарланды.
«Дәл қазіргі уақытта 22 300 адам БЖЗҚ-нан біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға мақұлдама алды!», - делінген Банктің хабарламасында.
Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.
23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды.