27 ақп, 2026 сағат 10:28

2026 жылы 432 500 теңге көлемінде біржолғы төлем беріледі деген ақпарат жалған

Фото: ашық дереккөз

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға және белгілі бір сырқаты бар азаматтарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Ult.kz.

Құзырлы органдардың мәліметінше, қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем түрі қарастырылмаған.

Сондай-ақ мамандар мұндай мазмұндағы хабарламаларды алаяқтар азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізу мақсатында таратуы мүмкін екенін ескертеді. Күмәнді сілтемелерге өтпеу және жеке ақпаратты бөгде тұлғаларға бермеу қажет.

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы жолданады және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

Әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатыны да еске салынды.