Фото: Pexels.com
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Ult.kz.
Мүфтият жариялаған кестеге сәйкес, 2025 жылғы Рамазан айы 1 наурызда басталады.
- - Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түсіп тұр.
- - Ораза айт – 30 наурыз.
- - Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға келеді.
Мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.