ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин 2021 жылы Мемлекет басшысының қандай әлеуметтік бастамалары жүзеге асырылғанына шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар президенттік бастама жүзеге асырылды. Олардың тиімділігін азаматтарың түрлі санатындағы өкілдері нақты сезінді. Бастамалардың басым бөлігін Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алаңында ұсынған болатын», - деп жазды ҚР Президентінің көмекшісі Telegram каналында.
Сонымен Мемлекет басшысының биыл жүзеге асырылған әлеуметтік бастамалары мыналар:
• Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін мерзімінен бұрын шешу алу тетігі енгізілді. Жарты миллионнан астам адам артық қаражаттарын зейнетақы қорынан алып, тұрғын үй жағдайын жақсартты.
• Алғаш рет жоғары оқу орнына қабылдау квотасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға жаңа үш бағытта мемлекеттік білім гранттары тағайындалды. Нәтижесінде көпбалалы отбасыдан, толық емес отбасыдан, сонымен қатар мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан 5 мыңнан астам талапкер гранта ие болды.
• Ерекеш білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуға арналған қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі арттырылды.
• Оқушылар жан басына қаржыландыру арқылы мемлекеттік тапсырыстың енгізілуінің арқасында шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына тегін бару мүмкіндігін алды.
• «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында жыл сайын асанды жолмен ұрықтандыруға 7 мың квтота бөлінеді.
• Еліміздің 6 өңірінде мүгедектікті белгілеу бойынша проактивті сырттай қызмет көрсету ілкі жобасы жүзеге асырылды. 2021 жылдың желтоқсанында бұл тәжірибе бүкіл елімізге таратылды.
• «Табалдырықтан табалдырыққа дейін принципімен» мүгедектігі бар тұлғалар және өзге де қозғалысы шектеулі азаматтар үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылданды. Сұранысы жоғары нысандардың картасы әзірленді. Карта қозғалысы шектеулі азаматтарға олардың қолжетімділігін тұрақты мониторингілеуге және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
• 2021 жылдың қаңтарынан педагогикалық қызметкерлердің жалақысы 25 пайызға ұлғайтылды.
• Президент қыркүйектегі Жолдауында мәдениет, мұрағат, кітапхана саласы қызметкерлерінің, техникалық жұмысшылардың, қорықшылардың, жүргізушілердің және басқа қызметкерлердің жалақысын көтеруді тапсырды. Бұл санатқа кіретін жұмысшылардың жалақысы 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын орташа есеппен 20 пайызға артып отырады.
• 2022 жылан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 40 пайызға, 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге артады. Бұл іс-шара қалай болғанда да жұмыс істейтін барлық қазақстандыққа қатысты болады.
• Полицияның және құқық қорғау органдарының жедел тергеу бөлімшелерінің халықпен жұмыс істеуге арналған барлық қызметтік орын-жайларында толықтай бейнебақылау енгізілді. Бұл олардың қызметінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Ішкі істер министрігінің құрылымында әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау арнаулы бөлімшесі қайта ашылып, штаты кеңейтілді.
«Және де бұл азаматтардың өмір сапасын рет-ретімен арттыратын өзгерістердің бір парасы ғана. Президент әлеуметтік маңызы бар мәселелерге баса назар аударып, оларды шешу үшін нақты іс-шаралар мен қадамдарға бастамашылық жасайды. «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» принципі елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың, сонымен қатар бүкіл мемлекеттік саясаттың аясында сақталады», - деді Ерлан Қарин.